Директор: Сыздықова Айман Кеңесқызы, байланыс тел. +7 (715-2) 34-01-74.
Жеке сұрақтар бойынша қабылдау күні — сейсенбі сағат 15.00-17.00
1986 жылы Қарағанды Мемлекеттiк медициналық институтi педиатор маманын аяқтады. Айман Кеңесқызына «Қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтiк гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша I бiлiктiлiк санаты берiлдi.
2020 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні ұлттық мерекесіне «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Қатысты:
- 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында, Қазақстанда АИТВ/ЖҚЖБИ тестілеуді жетілдіру сұрағын талқылау бойынша кеңес.
- 2018 жылы Астана қаласында трансфузиологтардың ІІІ Еуразийялық конгресі, «Донорлық қанды тегін беруді дамытудың өзекті сұрақтары».
- 2017 жылы
- Алматы қаласында өткен бірінші Ұлттық конференцияға қатысты «Бірлескен ТБ/АИТВ инфекцияларын интеграциялық бақылау». «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың антиретровирустық терапияға қолжетімділігін кеңейту».
- Петропавл қаласында өткен семинар, «АИТВ-мен өмір сүретін адамдар стигмасы мен дискриминациялаудың алдын алу».
- 2016 жылы
- Алматы қаласындағы Ұлттық конференция, тақырыбы: «АИТВ: кеше, бүгін, ертең».
- Алматы қаласында өткен Республикалық ғылыми-практикалық конференция «АРВ-терапиясы және АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша жаһандық мақсаттар. АРВ-препараттары мен терапия режимдерін қолданудағы жаңалықтар».
- 2015 жылы Алматы қаласында өткен конференция, тақырыбы «АИТВ-ны емдеуде ғылыми тәсілдерді іске асыру».
- 2014 жылы мамыр айында Қарағанды қ. «Қазақстан Республикасында АИТВ-жұқпасының өзектi мәселелерi, эпидемия дамуының келешегi және оны тоқтату бойынша жауапты шаралар» тақырыбында халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
- 2012 жылы Алматы қ. «АИТВ емдеу және емдеудi кеңейтуге мүмкiндiк беру, Қазақстанда ерте алдын алу» мәселесi бойынша ғылыми-зерттеу конференцияға қатысты, ұйымдастырушылар оқу жөнiнде Халықаралық Бағдарламасы және Нью-Йорк штат зерттеуiмен, ЖИТС Республикалық орталығы, АИТВ/ЖИТС бойынша (ЮНЭЙДС) БҰҰ бiрлестiк бағдарлама және ауруларды бақылау және алдын алу бойынша орталығымен бiрлесе Колумбия университетi жанындағы Орта Азияда Жаһандану денсаулық сақтауды үйрету орталығы болып саналады.
Айман Кеңесқызының басылымдары Қарағанды қ. өткен республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарында, республикалық медициналық ғылыми-практикалық «Эскулап» журналында және облыстық баспа басылымдарында жарияланған. Бас дәрігер республикалық, сонымен қатар жергілікті телевизиялық арналарда жаңалықтар сюжеттерінде үнемі сұхбат береді.
«ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық» 1990 жылы Пушкин көшесi, 103 дербес мекеме ретінде ашылды, казіргі уақытта 2-ші Кірпіш, 6/1 мекен жайы бойынша орналасқан.
ЖИТС орталығы медицина ұйымдармен, ведомствалармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет ететiн жеке типтi мамандандырылған емдеу-алдын алу мекеме болып саналады. Облыс аумағында АИТВ-жұқпасының таралуын алдын алу және емдеу, уақытында анықтауға бағытталған, профилактикалық, емдеу-диагностикалық және iндетке қарсы iс-шараларды орындау үшiн, орталық қазiргi таңдағы медициналық жабдықтармен, аспаптармен және арнайы жиһазбен жабдықталған.