"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Пациенттерді қолдау қызметі

ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан емдеу-диагностикалық іс-шаралардың ішкі клиникалық аудитін жүргізу, азаматтардың медициналық қызметтер көрсету деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау мақсатында, «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығы негізінде директордың 03.01.2024 жылғы №4 бұйрығымен «АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық» ШЖҚ КМК Пациентті қолдау қызметі (ПҚҚ) құрылды.

Бұл қызметтің міндеті азаматтардың ұйым деңгейінде ТМККК шеңберінде сапалы медициналық көмек алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету мәселелерінде пациенттердің құқықтарын қорғау және қолдау болып табылады.

Осы қызметтің құрылымы мен құрамын ұйым басшысы жыл сайын бекітеді, толықтырады және/немесе өзгертеді.

ПҚҚ Сіз келесі жағдайларда жүгіне аласыз:

- медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттанбаған жағдайда;

- медициналық персоналдың дөрекі көзқарасына тап болған жағдайда;

-ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық көмек үшін медициналық персоналдың ақшалай қаражатты бопсалау фактісі орын алған жағдайда;

- медициналық көмек көрсетуге байланысты проблемалық мәселелер туындаған жағдайда.

Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде 5 жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды және Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша ақпарат ұсынады.

ПҚҚ Сіз келесі телефон нөмірлеріне қоңырау шала аласыз:

Комиссия төрайымы - А.К.Сыздықова директордың орынбасары 8(715-2) 50-75-30

Сарапшы-дәрігер - О.А. Ашимова 8-705-320-55-62.

Записаться на прием