"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Еңбек ұжымдарына – АИТВ туралы

Previous Next

АИТВ инфекциясының профилактикасы орталығының қызметкерлері «Сұлтан-Элеватор-диірмен-макарон кешені» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді.
 Іс шара аясында маман Оксана Симухина қатысушыларға АИТВ жұқтыру жолдары мен қорғау тәсілдерін еске салды. Ал Орталықтың психотерапевті Александр Бойко қызметкерлерге АИТВ мәселелері бойынша жеке консультация берді.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар сілекей экспресс-тесттері арқылы АИТВ-ға тестілеуден өте алды.  Бұл мүмкіндікті 75 адам пайдаланды.

Тілек білдірушілер үлестірме материалдарды алды. 

Сонымен қатар шараға Петропавл Жастар ресурстық орталығы қатысты. Оның өкілдері алаяқтықтың өзекті тақырыбын қозғады — алаяқтарды қалай тануға және өздерін олардың қулықтарынан қалай қорғауға болатынын айтты.

«АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталық» үнемі еңбек ұжымдарымен, оның ішінде өңірдің ірі кәсіпорындарында осындай кездесулер өткізеді. Жыл басынан бері «Севказэнерго» АҚ, «Единство» ЖШС, «Эталон Регион» ЖШС, «Отын компаниясы» ЖШС, «Петропавл нан-тоқаш комбинаты» ЖШС сияқты бес ірі кәсіпорын, сондай-ақ 15 орта бизнес субъектісі қамтылды. «Бұл біздің жұмысымыздың үлкен және маңызды бөлігі, өйткені халықтың хабардарлығы АИТВ-ның таралуының алдын алудың негізгі факторларының бірі болып табылады», - деп атап өтті Орталық маманы Оксана Симухина.

Іс-шарамен барлығы 120-ға жуық қызметкер қамтылды.

 

Записаться на прием