Ағымдағы жылдың 21 ақпанында облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясы арасында ведомствоаралық ынтымақтастық шеңберінде ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Орталық маманы Оксана Симахина курсанттарға АИТВ жұқтыру жолдары, инфекцияның алдын алу жолдары туралы еске салып, ақпараттық-білім беру материалдарын таратты.
Мұндай кездесулер халықты алдын алудың негізгі шаралары, уақтылы диагностикалау әдістері туралы хабардар етуге, АИТВ-инфекциясының таралуы туралы білім деңгейін арттыруға бағытталған.