Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталықта бас мейірбике Ж.Қ. Дүкетбаева, эпидемиолог дәрігердің көмекшісі Н.В. Коновалова және мейіргер С.Н. Богаченко орта медицина қызметкерлеріне арналған конференция өткізді.
Қатысушыларға НҚА-ға сәйкес медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар ескертілді. Сондай-ақ, орта медицина қызметкерлері қолды гигиеналық өңдеу бойынша естеліктерін жаңартты. Сабақ аяқталғаннан кейін қол жуу алгоритмі бойынша сынақ өткізілді.