"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Салауатты балалық шақ-бақытты болашақ

Previous Next

22 мамыр — Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Салауатты балалық шақ — бақытты болашақ» ұранымен Петропавл қаласының Жеңіс саябағында ашық аспан астында жарқын іс-шара өтті. Ұйымдастырушы қаланың Жастар ресурстық орталығы болды.

Спорттағы дарынды балаларға арналған Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының жас қатысушылары — тәрбиеленушілері үшін қызықты эстафета өткізілді.

Бағдарламаға АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының маманы Оксана Симухина да қатысты. Ол балаларға салауатты өмір салты тақырыбында викторина өткізді. Белсенділігі мен дұрыс жауаптары үшін қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.

Соңында балалар мотивациялық жазулармен фотосуреттер түсірді:

«Салауатты өмір салтын таңдау»,

«Денсаулықты жастайыңнан сақта»,

«Денсаулық-менің байлығым».

Бұл суреттер жасөспірімдердің денсаулығын, қозғалысын және белсенді өмір салтын саналы түрде таңдауының символына айналды.

 

Записаться на прием