АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы Петропавлдағы мектептен тыс жұмыстың қалалық балалар-жасөспірімдер орталығымен бірлесіп, балалармен және жасөспірімдермен профилактикалық кездесулер өткізеді. Қаланың түрлі клубтарының тәрбиеленушілерімен 22 кездесу жоспарланған.
Бүгін, 13 ақпанда «Спектр» балалар клубымен осындай кездесулердің бірі өтті. АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығынан іс-шараға маман Оксана Симухина қатысты. Ол балаларға вирустың таралу жолдары мен қорғаныс әдістері туралы айтты. Ақпарат ойын түрінде ұсынылды, бұл қатысушыларға маңызды білімді жақсы меңгеруге көмектесті. Сонымен қатар, жасөспірімдер тақырыптық бейнеролик көріп, қызықтырған сұрақтарын қойып, АИТВ тақырыбында кітапшалар алды.
Кездесуге Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының өкілдері де қатысты. Олар мектеп жастарын жазда жұмысқа орналастыру және еріктілер қызметіне қатысу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Балалармен, жасөспірімдермен және жастармен жұмыс істейтін әртүрлі ұйымдардың мұндай тығыз ынтымақтастығы балалар тек білім ғана емес, сонымен қатар қолдау, мотивация, дұрыс бағдарлар алатын ортаны қалыптастырады. Дәл осындай бірлескен жұмыс өз өмірінде жауапты шешімдер қабылдауға дайын, дені сау, белсенді және саналы ұрпақты қалыптастыруға көмектеседі,–дейді АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының маманы Оксана Симухина.
Алдын алу шаралары МЖҚБЖО бірге кестеге сәйкес жалғастырылады. Ақпан айында «Тұлпар», «Жас қанат», «Спектр», «Жеңіс», «Қайсар», «Мұрагер» клубтарында кездесулер өтеді.