"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Саналы таңдау

Previous Next

Петропавлдағы АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы мамандарының қатысуымен жастармен мотивациялық кездесу

АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары колледж оқушыларымен мотивациялық кездесуге қатысты.

6 ақпанда Петропавлдағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Өмір сүру құқығы. Иллюзиясыз әлем» атты мотивациялық кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты-есірткінің зияны және олардың ағза мен психикаға әсері туралы хабардарлықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, саналы таңдау мен өз болашағы үшін жауапкершілікті қалыптастыру. Сондай-ақ, жасөспірімдер мен жастар қысым жағдайында «жоқ» деп айтудың тиімді тәсілдерін үйретті.

Іс-шараның спикерлері: Сәуле Сүлейменова - СҚО бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы, СҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрайымы, философия ғылымдарының кандидаты, Петропавл қ. қоғамдық кеңесінің мүшесі; Аққу Момунова-эпидемиологиялық бөлім меңгерушісінің м.а. және СҚО АИТВ инфекциясының профилактмкасы жөніндегі облыстық орталықтың маманы Оксана Симухина; Олег Исаков – СҚО психикалық денсаулық орталығының психологы.

«Заттарды қолдану ағзаны өздігінен бұзып қана қоймайды, сонымен қатар АИТВ-инфекциясына қауіп төндіреді. Әсіресе, инъекциялық препараттар қауіпті: жалпы шприцтер мен құралдарды қолдану вирустың таралуына әкеледі. Бірақ психоактивті заттарды қолданудың қауіптілігі кем емес. Олар өзін–өзі бақылауды азайтады және қорғалмаған жыныстық қатынас ықтималдығын арттырады, демек, АИТВ жұқтыру қаупі де артады», - деп атап өтті, Оксана Симухина.

Іс – шараға 60 адам-Петропавл колледждерінің студенттері, Солтүстік Қазақстан облысының еріктілері мен белсенді жастары қатысты. Кездесу жастарға саналы таңдау мен денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығын тағы да еске салды.

Записаться на прием