Петропавл машина жасау және көлік колледжінде жастармен профилактикалық кездесу өтті.
Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде АИТВ мәселелеріне арналған әңгіме өтті. СҚО АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталықтың маманы Оксана Симухина студенттерге денсаулық мәселелерінде, вирустың таралу жолдары мен алдын алу шараларында хабардарлықтың маңыздылығы туралы айтып берді.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар тақырыптық бейнероликтерді көріп, белсенді түрде сұрақтар қойып, тақырыпты талқылады.
Сонымен қатар, Петропавл Жастар ресурстық орталығының өкілдері балаларды ұйымның қызметімен және студенттердің волонтерлік қызметке қатысу мүмкіндіктерімен таныстырды.
Іс-шараны Білім басқармасының және АИТВ профилактикасы жөніндегі орталықтың 2024-2025 жылдарға арналған бірлескен жоспары шеңберінде ПМЖжКК директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Татьяна Шустова ұйымдастырды.