Құрметтi ханымдар мен мырзалар!
Сiздердi «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық» ШЖҚ КМК сайтында қарсы аламыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 01 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында былай делінген: «Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Бізге мемлекеттің болашағы үшін зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз. Бұл біздің қолымыздан келеді. Мен бұған кәміл сенемін. Еліміз әрқашан аман болсын!»
Бiздiң сайтымызда Сiздер мекеме қызметi, құрылым бөлiмшелер, көрсетiлетiн медициналық қызметтер, бiзге және бiздiң әлеуметтi жабдықтаушымен мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу және ұйымдастыру туралы толық ақпарат алуыңызға болады.
Азаматтарды қабылдау кестесі
Директор: Улмесеков Ринат Маратұлы, байланыс телефоны +7 (715-2) 34-01-74
Жеке мәселелер бойынша қабылдау күні - сейсенбі сағат 15:00-ден - 17:00-ге дейін.