ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы облыстың терапевтері, педиатрлары және инфекционистері, оның ішінде балалар медициналық ұйымдары үшін АИТВ-ның алдын алудың өзекті мәселелері бойынша онлайн-семинар ұйымдастырды.
Семинар Zoom платформасында өткізілді. ЖИТС ОО емдеу-алдын алу жұмысы және диспансерлеу бөлімінің меңгерушісі О. Шилкина АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, балаларда АИТВ-ны емдеу ерекшеліктері туралы айтты.
Орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Л. Бунина өз сөзінде клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тұлғаларды АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын сақтау тақырыбын көтерді.
Содан кейін семинарға қатысушылар өзекті мәселелерді талқылауға көшті. Қамту 49 қатысушыны құрады.
Қараулар: 4126