БПДО мамандарымен жұмыс кеңесі

10 ақпанда ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі Облыстық орталығында директор А.К. Сыздықованың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Кездесуде орталық мамандары мен қалалық емханалардың бастапқы психикалық денсаулық орталықтарының психиатр-наркологтары өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын әзірледі.

ЖИТС ОО директоры А. К. Сыздыкова кіріспе сөз сөйледі. ЖИТС ОО эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Н.Н. Гордымова Солтүстік Қазақстан облысындағы ағымдағы эпидемиологиялық және есірткі ахуалы туралы хабарлады. Ал ПДО бас дәрігерінің орынбасары М.Н. Морожникова өз сөзінде инъекциялық есірткі қолданатын тұлғаларды АИТВ-ға тестілеумен төмен қамту мәселесін көтерді. Мамандар проблемалық мәселелерді талқылап, шешу жолдарын әзірледі, атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес есепке қою кезінде және әрбір 6 ай сайын АИТВ-ға антиденелерге ИЕҚТ-ны 100% зерттеп-қарауды қамтамасыз ету.

10.02.2022
Қараулар: 2293
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі