ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында

Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді.

Олардың қатарына Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау колледжінің, құрылыс-экономикалық колледжінің, қызмет көрсету саласы колледжінің оқушылары үшін өткізілген акциялар кірді.

Іс-шаралар «Феникс» ЗТБ және Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп презентациялар, тақырыптық бейнефильмдер мен ойындар көрсетумен өтті. Ең белсенді қатысушыларға «Феникс» ЗТБ сыйлықтары табысталды. Акциялармен 218 оқушы қамтылды, олардың 77 кәмелетке толмағандар өз қалауы бойынша экспресс-тестілеуден өтті.

24.05.2023
Қараулар: 660
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі