2022 жылғы 16 наурызда ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығында СҚО полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Күн тәртібінде - «Солтүстік Қазақстан облысындағы 2021 жылдың қорытындысы бойынша инъекциялық есірткі және психоактивті заттарды пайдаланушылар, секс-қызметкерлер арасындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы және 2022 жылға арналған АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша ИЕҚТ және СҚ арасында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру туралы» мәселесі. Осы тақырыпта эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Н.Н. Гордымова және эпидемиолог дәрігер Р.Қ. Есеркенова сөз сөйледі.
Өз кезегінде, СҚО ПД ЕҚҚІҚБ және СҚО ПД ЖПҚБ қызметкерлері облыстағы нашақорлық жағдайы және ЖИТС ОО-ға тексеруге әкелінген тұлғалар туралы ақпарат берді.
Кеңес қорытындысы бойынша ИЕҚТ және СҚ арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселесі бойынша бірлескен шешімдер қабылданды.
Қараулар: 2405