Улмесеков Ринат Маратұлы
Директор
байланыс телефоны +7 (7152) 34-01-74.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау күні-сейсенбі сағат 15:00-ден - 17:00-ге дейін.
2011 жылы Орал қаласындағы медициналық колледжін гигиена және эпидемиология мамандығы бойынша бітірген.
2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2021 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент мамандығы бойынша бітіріп, экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.
Еңбек жолын 2011 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Жалпақтал ауылының балабақшасында фельдшер болып бастаған.
2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала аудандық басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2015-2016 жылдары Қазталов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.
2018-2019 жылдары Жаңақала аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2020-2021 жылдары «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ емдеу-профилактикалық қызметті үйлестіру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2021-2023 жылдары «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ емдеу-профилактикалық қызметті үйлестіру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
04.08.2023 жылдан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы» ШЖҚ КМК директорының ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
01.12.2023 жылдан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ №64-ж бұйрығымен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық» ШЖҚ КМК директорының м.а. болып тағайындалды.
26.03.2024 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ №88-ж бұйрығымен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық» ШЖҚ КМК директоры болып бекітілді.
АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық 1990 жылы Пушкин көшесi, 103 дербес мекеме ретінде ашылды, казіргі уақытта 2-ші Кірпіш, 6/1 мекен жайы бойынша орналасқан.
ЖИТС орталығы медицина ұйымдармен, ведомствалармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет ететiн жеке типтi мамандандырылған емдеу-алдын алу мекеме болып саналады. Облыс аумағында АИТВ-жұқпасының таралуын алдын алу және емдеу, уақытында анықтауға бағытталған, профилактикалық, емдеу-диагностикалық және iндетке қарсы iс-шараларды орындау үшiн, орталық қазiргi таңдағы медициналық жабдықтармен, аспаптармен және арнайы жиһазбен жабдықталған.