"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Құрылым

«АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық» ШЖҚ КМК АИТВ-инфекциясын уақтылы диагностикалау, індетке қарсы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, ЖИТС-пен байланысты патология мен асқынулардың дамуының алдын алу үшін жеткілікті құралдар арсеналына ие.

 

«АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық» ШЖҚ КМК құрылымы мен қызметіне мыналар кіреді

 

  • Әкімшілік-шаруашылық бөлімі: материалдық-техникалық жарақтандыруды және инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігін сақтау.
  • ұйымдастыру-әдістемелік бөлім: қызметті үйлестіру, мониторингілеу және жоспарлау.
  • Эпидемиологиялық бөлім, оның ішінде 4 стационарлық сенім пункті және 1 жылжымалы сенім пункті (бұдан әрі - СП және ЖСП): таралу мониторингі, індетке қарсы іс-шаралар; СП және ЖСП-консультациялар, анонимді көмек, АИТВ-инфекциясының таралу қарқынын төмендету мақсатында халықтың негізгі топтары арасында профилактикалық бағдарламаларды жүзеге асыру.

4) емдеу-профилактикалық жұмыс және диспансерлеу бөлімі, оның ішінде достық кабинеті (бұдан әрі - ДК): диспансерлік бақылау, емдеу (антиретровирустық терапия), байланыстан кейінгі профилактика; консультациялар, анонимді көмек, ДК зиянды азайту.

      5) диагностикалық зертхана: ИФТ, АИТВ және ілеспе инфекциялардың ПТР-диагностикасы.

 

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

1) АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік басшылық, басқа ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау;

          2) АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

3) іріктемелі биомінез-құлықты зерттеулер әдісімен ХНТ арасында АИТВ-инфекциясының таралуын эпидемиологиялық бақылауды қоса алғанда, өңірде профилактикалық бағдарламаларды іске асырудың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау;

4) эпидемиологиялық қадағалауды және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

5) АИТВ және АИТВ - қауымдасқан аурулардың зертханалық диагностикасын ұйымдастыру және жүргізу;

6) АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарды динамикалық бақылау кезінде АРТ тиімділігіне және зертханалық зерттеулер жүргізуге мониторинг жүргізу;

7) АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарды динамикалық бақылауды және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

8) халықты байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактикамен қамтамасыз ету;

 9) АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін даярлау;

 10) АИТВ-инфекциясының профилактикасына, диагностикасына және емдеуге инновациялық медициналық технологияларды енгізу.

Записаться на прием