"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Басшылық

Байғұлов Мамадияр Шайзадаұлы 1973 жылы 02 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар.

1999 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды облысы ауруханасының бөлімшесінде мейіргер болып бастаған.

1999 жылдан 2000 жылға дейін Қарағанды қ.  ҚММА жанындағы балалар аурулары курсы және Петропавл қ. облыстық ауруханасы жанындағы балалар хирургиясы бойынша интернатурадан өтті.

2001 жылдан 2003 жылға дейін Сергеевка қ. ОАА хирург-онколог дәрігері болып жұмыс істеді.

2003 жылдан 2008 жылға дейін Шал ақын ауданының Орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.

2008 жылдан 2012 жылға дейін «Астана Медицина Университеті» АҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантурада оқыды.

2011 жылдан 2019 жылға дейін Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының бас дәрігері қызметін атқарды.

2019 жылдан 2025 жылға дейін Аққайың аудандық ауруханасының директоры болды.

2025 жылдың сәуір-қараша айлары аралығында СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2025 жылдың қараша айынан бастап Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы директорының м.а. болып табылады.

2026 жылғы 01 сәуірден бастап  Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы директоры болып бекітілді

байланыс телефоны +7 (7152) 34-01-74.

Жеке мәселелер бойынша қабылдау күні-сейсенбі сағат 15:00-ден - 17:00-ге дейін.

АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық 1990 жылы Пушкин көшесi, 103 дербес мекеме ретінде ашылды, казіргі уақытта 2-ші Кірпіш, 6/1 мекен жайы бойынша орналасқан.

ЖИТС орталығы медицина ұйымдармен, ведомствалармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет ететiн жеке типтi мамандандырылған емдеу-алдын алу мекеме болып саналады. Облыс аумағында АИТВ-жұқпасының таралуын алдын алу және емдеу, уақытында анықтауға бағытталған, профилактикалық, емдеу-диагностикалық және iндетке қарсы iс-шараларды орындау үшiн, орталық қазiргi таңдағы медициналық жабдықтармен, аспаптармен және арнайы жиһазбен жабдықталған.

Записаться на прием