«CITY MALL» СОО-дағы тұрғындар үшін акция

14 мамырда Петропавлда ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «CITY MALL» СОО-да акция өткізді. Акция Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында өткізілді.

ЖИТС орталығының мамандары Татьяна Васильевна Сайкина, Оксана Сергеевна Симухина және «Феникс» ЗТБ ҮЕҰ өкілі Қарлығаш Кәкімқызы Акинова АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша халыққа кеңес берді. Сонымен қатар ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Мейірбике Оксана Викторовна Боровикова барлық ниет білдірушілер үшін экспресс тестілеу өткізді.

14.05.2021
Қараулар: 3430
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі