«City mall» СОО-дағы акция

25 қарашада Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері "City Mall" СОО холлында акция өткізді. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында өтті.

Барлық ниет білдірушілер мейірбике Алтынай Жақиянова жүргізген АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өте алды. Ақпараттық-білім беру материалдарын тарату ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, сауда-ойын-сауық орталығына келушілер АИТВ мәселелері бойынша кеңес алуға мүмкіндік алды. ЖИТС орталығының мамандары Татьяна Сайкина мен Наталья Гордымова және "Феникс" ЗТБ өкілі Қарлығаш Акинова азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

" Біз осындай акцияларды халық көп жиналатын жерлерде жыл бойы мезгіл-мезгіл ұйымдастырып отырамыз. Олар облыс орталығының тұрғындары арасында танымал. Экспресс-тестілеуден өтуге 34 азамат ниет білдірді. Ақпараттық-білім беру материалдарымен және кеңес берумен 195 келуші мен СОО қызметкерлері қамтылды. Әр түрлі жастағы адамдар өз денсаулығын сақтау мәселелеріне қызығушылық танытатыны қуантады. Оларды АИТВ жұқтыру жолдары және талдауды қайда тапсыруға болатыны туралы сұрақтар қызықтырды.

Сонымен қатар, өкінішке орай, бұл ауру тек халықтың белгілі бір тобына ғана әсер етеді деп есептеп, тест тапсыру туралы ұсыныстан бас тарту жағдайлары әлі де бар. Осындай акциялар халықтың АИТВ туралы жалпы хабардар болуының артуына ықпал етеді деп сенеміз.», – деп атап өтті ЖИТС орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Татьяна Сайкина.

25.11.2022
Қараулар: 1344
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі