13 мамырда Петропавлда ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығының қызметкерлері «CITY MALL» СОО холлында Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған акция өткізді.
Сауда-ойын-сауық орталығына келушілер ЖИТС орталығының маманы Татьяна Сайкинадан және «Феникс» ЗТБ өкілі Қарлығаш Акиновадан АИТВ мәселелері бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Барлық ниет білдірушілер мейірбике Алтынай Жақиянова жүргізген экспресс-тестілеуден өте алды.
«Біз осындай акцияларды жыл бойы мүмкіндігінше жиі ұйымдастыруға тырысамыз. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, олар әрқашан солтүстікқазақстандықтар арасында қызығушылыққа ие, өйткені олар біздің азаматтарымыздың уақытын үнемдейді. Бұл жолы 37 қала тұрғыны АИТВ-статусын білгісі келді. Ақпараттық-білім беру материалдарымен және консультациялармен 169 келуші мен қызметкер қамтылды», – деп атап өтті ЖИТС орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Татьяна Сайкина.
Қараулар: 1967