Тиімді диалог

ЖИТС прфилактикасы және оған қарсы күрес Солтүстік Қазақстан облыстық орталығының қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірге Петропавл қаласы колледждерінің жастар істері жөніндегі комитет төрағаларымен және оқушыларымен кездесті.

Жастар арасында зиянды заттарды қолданудың алдын алу бойынша "Диалог" жобасын қаланың Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Басқарманың жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Зарина Попова оқушылар мен студенттер арасында есірткі қолдану мен есірткі саудасының алдын алу бойынша олардың ведомствосы қандай жұмыс жүргізіп жатқаны туралы, есірткіні қолданудың зияны туралы айтып берді.

ЖИТС орталығының өкілі Оксана Симухина жастарға есірткіні қолдану АИТВ жұқтыру қаупін арттыратынын еске салды. Сондай-ақ, ол вирустың таралуының басқа жолдары мен алдын-алу жолдары туралы айттып берді. Соңында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, қатысушылар одан әрі ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады.

Іс-шараның жалпы қамтылуы 40-тан астам адамды құрады.

 

14.04.2023
Қараулар: 769
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі