2023 жылғы 5 қазанда Петропавл базарларының бірінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік" жобасының еріктілер-заңгерлері халыққа тегін заң көмегін көрсетумен акция өтті. Іс-шараның мақсаты-Солтүстік қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарда туындаған құқықтық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
Сонымен қатар, Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының бастамасымен қала тұрғындары мен қонақтары басқа да мәселелер бойынша, соның ішінде Мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік қызметтер көрсету, кәсіпкерлерді қолдау мәселелері бойынша кеңес ала алды.
Ал облыстық ЖИТС орталығының мамандары халықтың АИТВ-ның алдын алу туралы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, тілек білдірушілер АИТВ-ға жедел тестілеуден өте алды. Сондай-ақ, қызметкерлер АИТВ тақырыбына ақпараттық-білім беру материалдарын таратты.
Қараулар: 481