2023 жылғы 07 қарашада Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының, ЖИТС орталығының және "СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ басшысының АМСК ұйымдастыру жұмыс жөніндегі орынбасары Нұржан Тағаниязовтың төрағалығымен АМСК медициналық ұйымдарымен жұмыс кеңесі өтті.
Жұмыс кеңесін ЖИТС өңірлік орталығының директоры Айман Сыздықова ашты.
Күн тәртібінде: АИТВ динамикалық бақылау қорытындысы; жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін тексеру; АИТВ-инфекциясына зертханалық зерттеулердің аналитикалық кезеңінің бұзылуы және 2023 жылдың 9 айында СҚО босандыру ұйымдарымен бірлескен жұмыс.
Қатысып отырған АМСК мамандарының алдына өңірдің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша міндеттер қойылды.
08.11.2023
Қараулар: 296
Қараулар: 296