Ерекше КВН

Петропавлда ЖИТС профилактикасы және оған парси күрес облыстық орталығының мамандары М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде "АИТВ: әрқайсысын тыңдау" акциясын өткізді.

Студенттер үшін АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша КВН түрінде іс-шара ұйымдастырылды, жүргізуші ретінде Оксана Симухина болды.

Ойынға медицина жоғары мектебі мен агротехнология факультетінің командалары қатысты. Ребустарды шеше отырып, сұрақтарға жауап бере отырып және тапсырмаларды орындай отырып, жастарға АИТВ және ЖИТС туралы жалпыға белгілі фактілерді, АИТВ-ның берілу жолдары мен алдын алу ережелерін еске түсіруге тура келді.

Оксана Симухина оқушылармен жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, ойын формасы бұрынғы білімді нығайтуға және жаңаларын үйренуге жақсы көмектеседі дейді.

Сайыс нәтижесі студенттердің тақырыпты жетік меңгергенін, барлық ойын барысында командалардың бір-бірінен кем түспейтінін көрсетті.

Қазылар алқасының мүшелері "Феникс" ЗТБ өкілі Қарлығаш Акинова, дәрігер-эпидемиолог Раушан Есеркенова және студенттер клубының жетекшісі Зарема Гумарова болды.

Екі команданың да мүшелері ұйымдастырушылардан белсенді қатысқаны үшін сыйлықтар алды.

Жарыс аяқталғаннан кейін жастар плакатқа бүкіл әлемде АИТВ-ны мүмкіндігінше тезірек жеңу туралы тілектерін жазды және оған символдық қызыл ленталар жапсырды.

Сондай-ақ университеттің бас корпусының фойесінде ЖОО студенттері мен қызметкерлері арасынан барлық ниет білдірушілер үшін АИТВ-ға жедел тестілеу пункті орнатылды.

Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Сонымен қатар, фойеде сенім телефоны бар баннер орнатылды, ол бойынша солтүстікқазақстандықтар АИТВ мәселелері бойынша жасырын және құпия түрде кеңес ала алады.

19.11.2021
Қараулар: 2984
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі