Балаларға алдын алу туралы

2 тамыз күні СҚО-дағы «Березка» балалар сауықтыру лагерінде «Көңілді старттар» өтті. Осылайша, балаларға салауатты өмір салтының, дене шынықтыру және спортпен шұғылданудың пайдасы мен жаман әдеттердің зияны туралы еске салынды. Іс-шараны ұйымдастыруға ЖИТС орталығының және «Феникс» ЗТБ мамандары қатысты.

Іс-шараны Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы басшысының м.а. Абдин Дамир, жастармен жұмыс жөніндегі маман нұсқаушы Бекимова Айсұлу және ЖРО-ның психологі Баймакишева Дина, сондай-ақ «Феникс» ЗТБ-нен Акинова Қарлығаш, ЖИТС ОО-ның әлеуметтанушысы Симухина Оксана ұйымдастырды.

Мамандар командалар үшін «Көңілді старттар» өткізді. Сондай-ақ, балалар үшін АИТВ және ЖИТС, вирустар мен иммундық жүйе, салауатты өмір салты, спорт, дұрыс тамақтану, есірткі мен алкогольдің зияны тақырыптары бойынша викторина дайындалды. Сонымен қатар лагерьде демалушылар үшін «Көшеде жатқан лас шприцтер неге қауіпті?» тақырыбына шағын дәріс өткізді.

Балалардың өздері музыкалық және спорттық нөмірлерін көрсетті.

Көңілді старттар мен викторинаның барлық қатысушылары «Феникс» ЗТБ мен Петропавл қаласының ЖРО жүлделерін алды. Команда капитандарына грамоталар табысталды.

Акция барысында ақпараттық-білім беру материалы таратылды. Іс-шарамен 100-ден астам адам қамтылды.

03.08.2023
Қараулар: 635
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі