ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы облыстың медициналық ұйымдарында акушер-гинекологтар мен жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін тексеру мониторингіне жауапты тұлғалар үшін семинар ұйымдастырды. Іс-шара онлайн режимінде Zoom платформасында өтті.
Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Н. Гордымова ҚР ДСМ 2020 жылғы 27 қарашадағы «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін зерттеп-қарау қағидалары, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдарында АИТВ инфекциясы бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жүргізу туралы айтып берді.
Эпидемиолог дәрігер Д. Ермекова 2021 жылдың 1 тоқсанында СҚО-да жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-ға тексерумен қамтуды талдау туралы хабарлады. Ал емдеу-алдын алу бөлімінің дәрігері Е. Грин АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерді емдеудің ерекшеліктері туралы айтып берді.
Қараулар: 3577