ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы «K-Lab» зертханалық ақпараттық жүйесі» тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырды. Оқытуды «Meditec» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) мамандары жүргізді, жоба жетекшісі – Юлия Бородавкина.
Семинарға қала мен облыс медициналық ұйымдарының: емханалар мен ауруханалардың, жеке медициналық орталықтардың, балалар үйінің, психикалық денсаулық орталығының, ЕС мекемелері мен қабылдап-тарату орнының биоматериалды тіркеуге жауапты мамандары және IT мамандары қатысты.
Үш күндік семинарға қатысушыларға «K-Lab» зертханалық ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері, сондай-ақ оның облыстың медициналық ұйымдары мен ЖИТС ОО зертханасы арасындағы өзара әрекеттестікті құруға қалай ықпал ететіндігі туралы айтылды.
Ұйымдастырушылар оқыту АИТВ-ға тексерудің тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенімді. Іс-шара «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Қараулар: 2544