Оқу жылының басталуымен Солтүстік Қазақстан облысының ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының мамандары оқушылар арасында АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша жұмысты қайта бастады.
2021 жылғы 7 қыркүйекте Петропавл қаласының N1 орта мектебінің 8-сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Әлеуметтанушы Оксана Симухина оқушыларға АИТВ-ның берілу жолдары және өзін инфекциядан қалай қорғауға болатындығы туралы тақырыптық бейнефильммен ақпаратты бекіту арқылы айтып берді. Кездесу соңында оқушыларға тақырыптық буклеттер таратылды.
08.09.2021
Қараулар: 2952
Қараулар: 2952