2021 жылғы 21 қазанда оқушылар арасында АИТВ профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының орталығына бару ұйымдастырылды.
Әлеуметтанушы Оксана Симухина Тайынша қаласының №1 және №3 орта мектептерінде іс-шаралар өткізді, онда сұрақ-жауап диалог түрінде оқушыларға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы баса назар аударылды. Сондай-ақ, есірткі және психобелсенді заттарды қолданудың зияны туралы параллель жүргізілді. Оқушыларға тақырыптық бейнефильмдер көрсетілді. Кездесу соңында тақырыптық ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
21.10.2021
Қараулар: 2824
Қараулар: 2824