Пенитенциарлық мекеме қызметкерлеріне арналған семинар

Солтүстік Қазақстан облыстық ЖИТС орталығында пенитенциарлық мекемелердің медициналық бөлімдерінің қызметкерлеріне арналған Семинар өткізілді. Кездесуде нормативтік-құқықтық актілерге қатысты мәселелер талқыланды.

Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Н. Гордымова АИТВ-инфекциясының бар-жоғын міндетті құпия медициналық тексерудің ережелері туралы айтып берді.

"Алгоритмге сәйкес арнайы контингентті тестілеу" тақырыбында эпидемиолог – дәрігері Р.Есеркенова баяндама жасады.

Емдеу-алдын алу бөлімінің м.а. Қ. Акимова өз сөзінде АИТВ-мен өмір сүретін, ЖИТС ОО-да есепте тұрған және пенитенциарлық мекемелерде ұсталатын адамдарды динамикалық бақылау туралы айтты.

Байланысқа түскенге дейін АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы достық кабинетінің дәрігері Ә. Шәріпова өз баяндамасында айтып берді.

Мамандар сөз сөйлегеннен кейін қатысушылар өзекті мәселелерді талқылады.

23.05.2023
Қараулар: 670
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі