Писихикалық денсаулық орталығының мамандары үшін АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар

2023 жылғы 18 сәуірде Психикалық денсаулық орталық базасында АИТВ-ның алдын алу бойынша медицина қызметкерлері үшін семинар өткізілді.

Семинарда ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Н. Гордымова АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидалары туралы және зертхана меңгерушісінің м. а. ю. Дигтяр ерікті анонимді және (немесе) құпия медициналық тексеру және консультация беру қағидалары туралы және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ТМККК шеңберінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша, оның ішінде р24 вирустық антигенін және АИТВ-ның бірінші және екінші типтегі антиденелерін анықтайтын жедел-тестілерді қолдана отырып және қызыл иектің маңындағы сұйықтық бойынша баяндама жасады.

Сондай - ақ АИТВ-инфекциясына 4 ұрпақ экспресс-тестін қолдану бойынша практикалық мастер-класс өткізілді.      

Семинарға қатысушылар өзекті мәселелерді талқылады.

18.04.2023
Қараулар: 658
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі