2022 жылғы 19 сәуірде ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығының базасында облыстың медициналық ұйымдарында АИТВ-ның алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты тұлғалар үшін семинар өткізілді.
Семинарда ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Н. Гордымова АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидалары туралы және зертхана меңгерушісінің м. а. ю. Дигтяр ерікті анонимді және (немесе) құпия медициналық тексеру және консультация беру қағидалары туралы және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ТМККК шеңберінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша, оның ішінде р24 вирустық антигенін және АИТВ-ның бірінші және екінші типтегі антиденелерін анықтайтын жедел-тестілерді қолдана отырып және қызыл иектің маңындағы сұйықтық бойынша баяндама жасады.
Емдеу-алдын алу бөлімі меңгерушісінің м.а. Қ.Акинова ересектер мен балалардағы АИТВ-инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамалары бойынша ақпаратты жариялады.
Сонымен қатар семинарға қатысушылар іс-шара тақырыбына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Аяқтағаннан кейін облыстың медицина ұйымдарында АИТВ-ның алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты мамандар аттестаттаудан өтті.
Қараулар: 660