30 қарашада Петропавлдағы өнер колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында "Теңдік уақыты" акциясы өтті. Акцияны "Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат" кешені, Солтүстік Қазақстан облыстық ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы және "Феникс" ЗТБ ұйымдастырды.
Колледж оқушылары шығармашылық қойылымдарын ұсынды, оның ішінде төртінші курс студенті Сапыш Қорланова АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік тақырыбына арналған "Адамдар, жай өтпеңдер" атты өлең оқыды. Ал екінші курс студенті Карина Неживых АИТВ жұқтыру жолдары туралы бейнеролик дайындады.
Олардың біреуі есірткіні қолданумен тікелей байланысты. Бұл туралы СҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының жедел уәкілі аға лейтенант Зарина Попова өз сөзінде айтты.
ЖИТС орталығының маманы Оксана Симухина АИТВ мен ЖИТС профилактикасы туралы толығырақ айтып берді.
Маманның сұрақтарына жауап бере отырып балалар АИТВ және ЖИТС тақырыбы бойынша өздерінің білім деңгейін көрсетті.
Акцияға 120 адам қатысты.
Іс-шараны ұйымдастыруға қатысқан оқушылар ЖИТС орталығынан сертификаттар мен сыйлықтар алды.
Іс-шара барысында студенттер АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өте алды.
Тестілеуге 23 адам қатысты.
ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Наталья Гордымова АИТВ бойынша өңірдегі жағдай туралы айтып берді.
Қараулар: 1299