Жоспарланған шаралар көрсеткішке қол жеткізуге ықпал етуі тиіс

2023 жылғы 18 қаңтарда ЖИТС орталығы мен Психикалық денсаулық орталықтарының бірлескен жұмыс кеңесі өтті. Күн тәртібінде – ИЕҚТ-ны (инъекциялық есірткі қолданатын тұлғалар) АИТВ-ға тестілеумен қамтуды ұлғайту мәселесі. 

Кездесуге қатысушылар СҚО-дағы АИТВ және есірткі ахуалы бойынша ағымдағы эпидемиялық жағдайды, ИЕҚТ–ны тестілеу кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады және өзекті мәселелерді шешудің бірлескен жолдарын жасап шығарды.

Кездесу қорытындысы бойынша әрбір ұйымға ИЕҚТ-ны тестілеумен қамтуды арттыру мақсатында тапсырмалар берілді.

Жоспарланған шаралар ИЕҚТ–ны бір реттік тестілеумен қамту бойынша 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 24%–дан кем емес, жыл соңында – 95%-ға қол жеткізуге ықпал етуі тиіс.

19.01.2023
Қараулар: 912
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасыҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі