"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

АИТВ алдын алу: мектеп оқушыларымен кездесу

АИТВ алдын алу: мектеп оқушыларымен кездесу

Петропавл қаласының №32 орта мектебінде облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы мамандарының оқушылармен профилактикалық кездесуі өтті. Балаларға АИТВ жұқтыру жолдары, алдын алу шаралары және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы айтылды.

Іс-шараға кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Анастасия Свиридова да қатысты, ол оқушылардың назарын жеке қауіпсіздік және құқықтық жауапкершілік мәселелеріне аударды. Ұйымдастырушылық қолдауды жастар ресурстық орталығы көрсетті.

Кездесу ашық диалог форматында өтті, онда оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Іс-шараға 57 оқушы қатысты.

Мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізіледі және жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алуға, өз денсаулығына саналы және ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған.

 

23234.jpeg34345.jpeg

Записаться на прием