"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

«АИТВ: өмір сүру үшін білу. Қолжетімділік әрқайсымыздан басталады»

Previous Next

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған ақпараттық науқан аясында Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары студент жастарға арналған интерактивті-танымдық акция өткізді.

Іс-шара Петропавл қаласындағы үш колледждің командаларын біріктірді.

Қатысушыларға Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының директоры Мамадияр Байғұлов құттықтау сөз сөйледі.

«Жас ұрпақтың АИТВ туралы шынайы ақпаратқа ие болуы, оның жұғу жолдары мен алдын алу тәсілдерін түсінуі аса маңызды. Өйткені хабардар болу және жауапты мінез-құлық — денсаулықты сақтаудың негізі», — деп атап өтті Орталықтың директоры.

Зияткерлік сайыстар барысында студенттер АИТВ-инфекциясы туралы білімдерін тексеріп, түрлі өмірлік жағдайларды талдады және жастардың АИТВ туралы хабардарлығын арттыру бойынша өз идеяларын ұсынды.

Іс-шараның ерекше бөлімі шығармашылық үй тапсырмасы болды. Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері би нөмірін ұсынса, Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінің болашақ аспаздары бәліш пісірді, ал Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжінің оқушылары музыкалық нөмірмен өнер көрсетті.

Акция барысында уақтылы тестілеуден өту, АИТВ-инфекциясының алдын алу мен емдеудің заманауи мүмкіндіктері, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті еңсеру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар грамоталармен марапатталып, «Answer» ҚҚ Петропавл қаласындағы филиалының жетекшісі Любовь Зарубаның атынан сыйлықтарға ие болды.

Бұл акция жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру жолындағы кезекті қадам болды.

Записаться на прием