Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының еңбек ұжымында СҚО Ішкі саясат басқармасы жанындағы Қоғамдық даму және ақпарат орталығының қызметкерлері Б.С. Сұлтанова мен А.Т. Қайдар Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Әңгімеге директордың м.а. М.Ш. Байғұлов және Орталық қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Конституция жобасының негізгі ережелері түсіндірілді, негізгі өзгерістер мен олардың қоғам үшін маңызы талқыланды. Талқылау қатысушыларға барлық сұрақтар бойынша түсініктеме алуға мүмкіндік берді.
«Медицина саласындағы ұсынылған өзгерістер кешені денсаулық сақтауды жүйелі дамытуға және халыққа көмек көрсетудің тиімділігін арттыруға бағытталған – деп атап өтті М.Ш. Бағұлов».









