Қысқы мерекелер қарсаңында Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының директоры М.Ш. Байғұлов қызметкерлерді алдағы келе жатқан жаңа 2026 жылмен құттықтап, одан әрі жемісті жұмыс, кәсіби табыс, жоспарларды іске асыру, сондай-ақ денсаулық, амандық, бақыт және отбасыларына бейбітшілік тіледі.
Мамадияр Шайзадаұлы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының атынан денсаулық сақтау саласындағы мінсіз еңбегі үшін Ж.Т. Жақыпова, С.Е. Канафина, Г.С. Қонақова, Т.А. Полушенко, Б.А. Ақмағамбетоваға құрмет грамоталарын табыс етті.
Орталық қызметкерлерін Ақан сері атындағы облыстық филармониясының әртістері, бастапқы кәсіподақ ұйымының мүшелері А.В. Бойко мен Ж.К. Дүкетбаева мерекелік концертпен қуантты.
Мерекелік іс-шара соңында кәсіподақ ұйымынан барлығына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Барлығына тілеріміз-алдағы жыл сізге және сіздің отбасыларыңызға мықты денсаулық, амандық, қуаныш пен үйлесімділік әкелсін! Әрбір жаңа күн позитивтілікке, жаңа мүмкіндіктерге толы болуын және барлық армандар мен жоспарлардың жүзеге асуын тілейміз. Сіздердің өміріңізде жарқын оқиғалар көп болсын!















