Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мен жастар денсаулық орталығының бірлескен жұмысы жалғасуда.
Бұл жолы мамандар №4 орта мектепте болып, оқушыларға жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған кездесу өткізді.
Оқушылар алдында сөз сөйледі:
- Жастар денсаулық орталығы директорының м. а. Гүлнұр Бекебаева орталықтың жұмыс бағыттары мен жасөспірімдердің медициналық және психологиялық қолдау алу мүмкіндіктері туралы айтып берді;
- Меруерт Шағдарова, акушер-гинеколог, репродуктолог, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың қандай қауіптері бар екенін түсіндірді,
жыныстық өмірдің ерте басталуы қандай салдарға әкелуі мүмкіндігін айтып өтті;
- Облыстық АИТВ инфекциясының прфилактикасы жөніндегі орталығының маманы Оксана Симухина вирустың таралу жолдары мен алдын алу әдістері туралы айтты.
Іс-шараға 50-ге жуық адам қатысты.
«Біздің ұйымдардың мамандары профилактикалық жұмысты тиімдірек ету үшін бір бағытта күш біріктіреді. Мұндай кездесулер жасөспірімдерге сенімді ақпарат алуға, мамандарға тікелей қызығушылық тудыратын сұрақтар қоюға және олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға көмектеседі. Осы күш - жігердің барлығы дені сау ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады»,-деп атап өтті облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының директоры Мамадияр Байғұлов









