Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде солтүстік өңірдің денсаулық сақтау ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық директорының орынбасары Айман Кеңесқызы Сыздықоваға көпжылдық адал еңбегі, дәстүрге адалдығы және жастарға үлгі боларлық белсенді азаматтық ұстанымы үшін Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің атынан Алғыс хат табыс етілді.
Орталық ұжымы Айман Кеңесқызын кәсіби еңбегінің лайықты бағалануымен шын жүректен құттықтайды! Сіздің көпжылдық еңбегіңіз, мамандыққа деген адалдығыңыз бен денсаулық сақтау саласының озық дәстүрлеріне беріктігіңіз — өнегелі үлгі.
Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт, амандық және мақтанышқа толы жаңа сәттер тілейміз!







