Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығында бас мейірбике Ж.К. Дүкетбаеваның басшылығымен орта медицина қызметкерлеріне арналған конференция өткізілді.
Инфекционист дәрігер М.Д. Жолдас естен тану кезінде және АҚ жоғарылаған кезде пациенттерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселесі бойынша практикалық дағдыларды пысықтаумен, сондай-ақ кезең-кезеңімен талдау жүргізе отырып, орта медициналық персоналдың іс-қимыл алгоритмі бойынша оқыту жүргізді.