Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары "Парасатты полицей" профилактикалық акциясына қатысты.
Петропавлдағы «Дария» базарының аумағында профилактикалық акция өтті. Іс-шараға Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының мамандары, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары (эпидемиолог-дәрігер Р.К. Есеркенова және орталықтың маманы О.С. Симухина) және еріктілер қатысты.
Нарық қызметкерлерімен жеке және қоғамдық қауіпсіздік, алаяқтыққа, экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері, сондай — ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу - АИТВ жұқтыру жолдары және қорғау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияға қатысушылар мамандардан кеңес алып, қызықтырған сұрақтарын қойып, ақпараттық материалдар таратылды.
«Әртүрлі қызметтер мен ұйымдарды біріктіретін осындай бірлескен іс-шаралар бір форматта бірден бірнеше маңызды тақырыптарды қамтуға мүмкіндік береді. Еңбек ұжымдарымен мұндай кездесулер жұмыс істейтін халықтың көп санын қамтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте адамдарға мекемелерге арнайы жүгінудің, байланыс іздеудің немесе мамандарға жазылудың қажеті жоқ — олар қызықтыратын сұрақтарын тікелей жұмыс орнында қоя алады»,-деп атап өтті облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының маманы Оксана Симухина.
Іс-шараны қамту шамамен 50 адамды құрады.
Мұндай акциялар құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ жұмыс










