"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

«Кемсітушілік нөлі» күні: құрмет пен теңдікті таңдау

 «Кемсітушілік нөлі»  күні: құрмет пен теңдікті таңдау

1 наурызда «Кемсітушілік нөлі» күні атап өтіледі. Бұл күн әр адамның қадір-қасиетімен толық қанды өмір сүру құқығын еске салады. Биыл ЮНЭЙДС АИТВ-мен өмір сүретін адамдар кездесетін кемсітушілікке назар аударуға шақырады.

Халық арасындағы профилактикалық және ағартушылық қызмет кемсітушілікке қарсы іс-қимылда шешуші орын алады. Бұл бағытта облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы жүйелі және ауқымды жұмыс жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында әрбір тілек білдіруші АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталықта және тұрғылықты жері бойынша емханаларда АИТВ тегін құпия тестілеуден өте алады. Сенім телефоны: 8 (7152) 47-57-37.

Записаться на прием