"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

Денсаулық-біздің басты билетіміз!

Денсаулық-біздің басты билетіміз!

Бүгін, 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Петропавл теміржол вокзалында ақпараттық-профилактикалық акция өтті.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының, Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, сондай-ақ Ақмола бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысты.

«Мұндай акцияларды бұқаралық және адамдар үшін қолжетімді жерлерде өткізу мүмкіндігінше көп Азаматтарды қамтуға және оларға АИТВ алдын алу туралы маңызды ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді. Мұнда бізде қорғау шаралары мен тестілеу қажеттілігі туралы айтып қана қоймай, халықты толғандыратын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бар. Бүгін іс-шарамен 200-ге жуық адам қамтылды. Олардың әрқайсысы осы мәселе туралы ойланады, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайды, алынған ақпаратты есте сақтайды және алған білімдерін жақындарымен бөліседі деп үміттенеміз», – дейді облыстық АИТВ  инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының маманы Оксана Симухина.

Акция халықтың хабардарлығын арттыруға және АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын нығайтуға бағытталған жыл сайынғы науқанның бір бөлігі болды.

6907654.jpeg7657567.jpeg

Записаться на прием