"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ресми интернет-ресурс

АИТВ тақырыбындағы диалог алаңы

Previous Next

2026 жылғы 17 сәуірде Алматыда АИТВ-инфекциясының індетін тежеу жөніндегі Жаһандық қор жобасы аясында диалог алаңы өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының директоры Мамадияр Байғұлов қатысты.

Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Әлия Рүстемова және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Роза Қуанышбекова ашты.

Диалог алаңының жұмысына мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ АИТВ алдын алу жөніндегі өңірлік орталықтардың өкілдері қатысты.

Қатысушылар Қазақстандағы АИТВ бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды, өңірлік сын-тегеуріндерді, халықтың негізгі топтары арасындағы профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін, тестілеуді, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға профилактикалық бағдарламаларды іске асырудағы және медициналық көмек көрсетудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлін, емдеуге бейілділікті арттыру жолдарын және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ, диалог алаңы аясында өңірлердің табысты тәжірибелері қаралды. Стигма мен кемсітушілікті азайтуға ерекше назар аударылды.

 

Записаться на прием