Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары «Достық» балалар сауықтыру лагерінде жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шара өткізді.
Кездесу білім басқармасымен бірлескен жоспар аясында СҚО полиция департаментімен, Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Балалар алдында СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Зарина Попова сөз сөйледі. Ол есірткінің зияны және олардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтып, ерте хабардар болу жасөспірімдерге дұрыс таңдау жасауға көмектесетінін атап өтті.
Сондай-ақ, балаларға есірткі, оның ішінде инъекциялық және психоактивті заттарды қолдану қауіпті екенін, сонымен қатар АИТВ жұқтыру қаупін арттыратынын еске салды. Мұндай заттар өзін-өзі бақылауды азайтады, қауіпті мінез-құлық ықтималдығын арттырады.
Әрі қарай бұл сөзді АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталығының маманы Оксана Симухина жалғастырды. Ол қол жетімді түрде АИТВ деген не, инфекцияның қалай берілетінін және инфекцияны қалай болдырмауға болатынын түсіндірді.
Ұйымдастырушылар балаларға «Шындық немесе миф» викторинасын дайындады, одан жасөспірімдер АИТВ туралы кең таралған пікірлердің шындыққа қаншалықты сәйкес келетінін білді.
Осыдан кейін Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, есірткі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің мүшесі Светлана Кузнецова балалар үшін спорттық эстафета өткізді. Ол белсенді және салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаудың символына айналды.
Жеңімпаздар грамоталармен, кубоктармен, ал қатысушылар пайдалы сыйлықтармен, тақырыптық салпыншақтармен және кеңсе керек — жарақтарымен марапатталды.
«Жаз-балалардың демалатын уақыты. Дәл қазір профилактикаға көбірек көңіл бөлу мүмкіндігі бар. Бүгін біз демалысты тиімді өткіздік. Осындай іс — шараларды басқа да сауықтыру лагерлерінде өткізу жоспарлануда»,-деп атап өтті АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының маманы Оксана Симухина.












