Петропавлда жастар Күнін мерекелеу және «Заң және тәртіп» республикалық бағдарламасын іске асыру аясында «Жастар аумағы-өмір қозғалысы!».
Іс-шараға мектеп және колледж оқушыларының үш командасы қатысты. Квесттің әрбір станциясында қатысушылар құқықтық және ақпараттық сауаттылықты арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған тақырыптық тапсырмаларды орындады.
Осындай тақырыптық алаңдардың бірін Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының мамандары дайындады.
Қатысушылар үшін викторина өткізілді, оның барысында жастар АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шаралары туралы білімдерін тексере алды.
Сондай-ақ, тақырыптық алаңдарды СҚО психологиялық қолдау орталығы, киберқылмыс пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Жастар денсаулық орталығы ұйымдастырды.
«Біз әрқашан жастармен жұмыс істеуге бағытталған ведомствоаралық іс-шараларды қолдаймыз. Бұл формат бірнеше маңызды тақырыптар туралы бірден қол жетімді және қызықты түрде сөйлесуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бұл денсаулық, қауіпсіздік және жауапты мінез-құлық. Іс – шара аясында біз 60-қа жуық жастарды профилактикалық жұмыстармен қамтыдық»,-деп атап өтті облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының маманы Оксана Симухина.
Квест жалпы командалық тренингпен аяқталды, одан кейін «Құрылтай-бірлік шеңбері!». Ол қатысушыларды бейресми жағдайда біріктірді және экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған.
Іс-шара соңында Петропавл қаласының ең белсенді еріктілері қала әкімінің атынан еріктілер қозғалысын дамытуға қосқан үлесі, қоғамдық маңызды бастамаларға қатысқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапатталды.







