2024 жылғы 2 қыркүйекте АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталығының акт залында қызметкерлер тікелей эфирде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады. Президенттің жолдауы Қазақстанның алдағы кезеңдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына арналды.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт денсаулығын нығайту үшін кешенді шараларды іске асыру және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыру қажеттігін атап өтті.
«Елеулі өзгерістер цифрландырусыз сәтті жүзеге асырыла алмайды», – деп атап өтті президент. - Бірнеше ондаған қолданыстағы әртүрлі бағдарламалар мен дерекқорлардың орнына бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені құру қажет. Ол меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын барлық денсаулық сақтау ұйымдары үшін деректердің түпкілікті бақылауы мен объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс. Үкімет осы өзекті міндетті шұғыл түрде шешуі керек».