2026 жылғы 28 қазанда АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталықтың директоры М.Ш. Байғұлов қызметкерлер үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын тікелей эфирде тыңдауды ұйымдастырды. Президенттің Жолдауы жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттеріне арналды.
Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік салада бағыттардың бірі – Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
«Үкімет медицинадағы нақты нозологиялар бойынша әрбір өңір үшін басымдықтар тізімін жасап, соның негізінде бюджеттік қаржыландыруды енгізуі керек», – деп атап өтті Президент.







