СҚО ЖИТС орталығының мамандары Петропавл өнер колледжінде жалпы ата-аналар жиналысына қатысты.
2024 жылдың 31 қаңтарында «Өнер Колледжі - Ермек Серкебаев атындағы өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернат» кешені» КММ шақырылған мамандардың қатысуымен жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шарада «Лудоманияның алдын алу», «АИТВ алдын алу», «Аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу», «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» сияқты өзекті тақырыптар талқыланды.
«АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталық» ШЖҚ КМК ұйымдастыру-әдістемелік және профилактикалық жұмыс бөлімінің маманы Оксана Симухина оқушылардың ата-аналарына АИТВ және ЖИТС проблемасы, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында инфекцияның алдын алу жолдары туралы айтып берді.
«Баламен АИТВ және ЖИТС туралы сөйлесуді күрделі тақырыптарға жатқызуға болады. Көптеген ата-аналар бала өскенде өзін толғандыратын сұрақтарға жауап табады деп сенеді, бірақ, оны кейінге қалдырады. Дегенмен, ата-аналар күрделі тақырыптар туралы әңгімелесу қызы немесе ұлының алғашқы жыныстық тәжірибесіне дейін болуы керек екенін есте ұстаған жөн. Ұл немесе қыз жыныстық қатынасқа кіріспес бұрын да, АИТВ қалай жұғатынын айтып, дені сау болу үшін өзін қалай ұстау керектігін талқылау маңызды – дейді, Оксана Симухина.
Сонымен қатар, жасөспірімге есірткіні қолданудың зиянды салдары туралы, оның ішінде АИТВ-инфекциясын жұқтыруы мүмкін екендігі туралы дер кезінде ескерту маңызды. Мұндай әңгімедегі ең бастысы - жасөспірім үшін сенімді және түсінікті ақпаратты ғана жеткізу. Есіңізде болсын, ата-аналар мен балалар сенімді қарым-қатынаста болған отбасыларда қажетсіз тәуекелдер әлдеқайда жиі туындайды».
Ата-аналарға «Балаңызбен АИТВ және ЖИТС туралы қалай сөйлесуге болады» кітапшалары таратылды.
Қамту 50-ге жуық адамды құрады.
Жаңалықтар
Баламен АИТВ және ЖИТС туралы қалай сөйлесуге болады.
Қаралды: 763